⚜️БІР ҚАДАМ — БІР ТАҒДЫР
🔰Сарыағаш ауданы прокуратурасының 2026 жылғы 5 ақпандағы ресми хатына сәйкес, өскелең ұрпақты есірткіге қарсы тәрбиелеу, зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында «Закладчики. Мать» атты деректі фильмін насихаттау жұмыстары жүргізілуде.
Аталған деректі фильмде есірткі қасіретіне ұшыраған аналардың ауыр тағдыры, олардың жанайқайы мен өкініші шынайы түрде баяндалады. Бұл туынды — прокуратура органдарының үйлестіруімен YouTube платформасында жарияланған нашақорлықтың алдын алуға бағытталған екінші фильм.
Фильмнің алғашқы жабық көрсетіліміне 600-ден астам жас қатысып, қазіргі таңда барлық білім беру ұйымдарында оқушылар мен студенттерге көрсету жұмыстары ұйымдастырылуда. Соның негізінде біздің мектептің білім алушыларына көрсетілді.
Біздің мектепте де аталған деректі фильм «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында оқушыларға көрсетіліп, мазмұны бойынша тәрбиелік бағытта талқылау жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану жөнінде пікір алмасты.
Мұндай тағылымды дүниелер жас ұрпақтың санасына ой салып, дұрыс таңдау жасауына ықпал етеді.