⚜️АНА — ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ
🔰Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты №31 Т.Бигелдинов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 06.03.2026ж.күні «Ана — өмірдің шуағы» тақырыбында мерекелік көңілді іс-шара өтті. Іс-шара барысында мектеп директоры Ж.Досжанова ұстаздарды мерекемен құттықтап, алғыс хаттарын табыстады.
♻️Ана бар жерде – мейірім бар, махаббат бар, шынайы бақыт бар.
Ана – бізге өмір сыйлаған ең қымбат жан.
Ол біз үшін түн ұйқысын төрт бөліп, әрбір қадамымызға тілекші болып, жүрегіндегі бар мейірімін бізге арнайды.
Кейде бір жылы сөз, бір құшақ, бір алғыс – ана жүрегін бақытқа бөлейді. Сондықтан аналарымызды барында бағалап, құрметтеп, әрдайым қуанта білейік.
Ана – біздің өміріміздің ең жарық шуағы, ең үлкен бақытымыз. 💐
8-наурыз Халықаралық аналар мерекесі құтты болсын!