⚜️Азаматтық белсенділік – ел болашағына жауапкершілік

🔰Дербісек ауыл округіндегі №614 сайлау учаскесі өз жұмысын өз уақытында бастады. Салтанатты түрде Мемлекеттік Әнұран орындалып, маңызды саяси науқанның басталғаны жария етілді.
Алғашқы болып келген сайлаушылар өз таңдауларын жасап, азаматтық борыштарын орындады. Учаскеде дауыс беру үдерісі заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, тұрғындарға барлық қолайлы жағдайлар жасалған.
Ауыл тұрғындары белсенділік танытып, ел болашағына бейжай қарамай, маңызды шешім қабылдауға атсалысуда. Береке мен бірлікке үндейтін бұл күн елімізге тыныштық пен игі өзгерістер әкелсін.

🇰🇿 Ел болашағына бей-жай қарамай, азаматтық борышымызды орындау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

https://www.facebook.com/share/p/1bK6xUVKHf/