⚜️ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ

🔰Бүгін мектебімізде ұлттық киімімізді дәріптеуге ерекше көңіл бөлінді. Оқушылар мен ұстаздар ұлттық нақыштағы заманауи киім үлгілерін киіп, сән көрсетілімдері арқылы халқымыздың бай мәдениетін паш етті.

♻️Ұлттық киім – тек өткеннің мұрасы ғана емес, ол бүгінгі күннің де сәні мен рухани құндылығы. Осы ретте, мемлекеттік қызметшілердің, депутаттар мен түрлі сала өкілдерінің ұлттық стильдегі киімдерді кеңсе мәдениетіне енгізуі – ұлттық болмысымызды нығайтудың маңызды қадамы.

Ұлттық киім кию – бұл дәстүрге құрмет, тарихқа тағзым және болашаққа сенім.

https://www.facebook.com/share/v/1Btq49EFBd/