⚜️ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ
🔰Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты N31Т. Бигелдинов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Ұлттық спорт» күніне орай 9-сынып оқушылары арасында садақ ату, гир көтеру, қол күрес және өзге де ұлттық ойындар ұйымдастырылып, жоғары деңгейде әрі ерекше қызығушылықпен өтті.
♻️Аталған шараның басты мақсаты – оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, ата-бабадан мирас болып қалған спорт түрлерін дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және жас ұрпақтың рухани әрі физикалық дамуына ықпал ету.
Ұлттық ойындар арқылы оқушылар ептілік пен шапшаңдықты, күш пен төзімділікті ғана емес, сондай-ақ бірлік пен достықтың қадірін терең сезінді. Қол күрес сияқты күш сынасатын сайыстар жасөспірімдердің жігерін жанып, намысын қайрап, өз-өзіне деген сенімін арттыра түсті.Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар өскелең ұрпақты елжанды, намысшыл, рухы биік азамат болып қалыптасуына жол ашады.