⚜️БІРЛІК — БІЗДІҢ КҮШІМІЗ

🔰1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектепте «Бірлік бар жерде – тірлік бар» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
♻️Іс-шараның мақсаты – оқушыларға еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің достығы мен татулығын насихаттау, бірлік пен ынтымақты дәріптеу.
Мерекелік бағдарлама барысында оқушылар әртүрлі ұлттардың әндерін орындап, билерін биледі. Бұл іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, өзге ұлт мәдениетіне деген құрметін арттырды.

https://www.facebook.com/share/r/18pnuvGUYa/