⚜️ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР
🔰Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты NЗ1 Т.Бигелдинов атындағы жалпы білім беретін мектепнде 7-мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Таңертең ұстаздар мен оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алынып, мерекелік атмосфера қалыптасты. Биыл Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай және мектебіміз Талғат Бигелдинов есімімен аталғандықтан, батырлардың өмірі мен ерлігіне арналған сұрақ-жауап, танымдық жұмыстар ұйымдастырылды. Оқушылар мен мұғалімдер белсене қатысып, өз білімдері мен белсенділіктерін көрсетті. Сонымен қатар шахмат ойыны өткізіліп, қатысушылар ерекше әсер алды. Батырлар рухына арналған көрме жұмыстары қойылып, тарихи тұлғалардың ерлігі мен өнегелі өмірі насихатталды.
♻️Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, елін қорғаған батырларды дәріптеу, тарихи тұлғалардың ерлігін үлгі ету және оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.
Маңызы – мұндай тәрбиелік іс-шаралар оқушылардың патриоттық сезімін арттырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді. Сонымен қатар ұстаздар мен оқушылар арасындағы бірлік пен сыйластықты нығайтып, мектеп өміріне ерекше рухани әсер сыйлайды.