⚜️ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

🔰Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты «№31 Т.Бигелдинов атындағы ЖББМ «КММ -де №149 бұйрық негізінде 1-11 сынып оқушылары арасында «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында біріңғай жеке қауіпсіздік сабақтары ұйымдастырылды.
Сабақ барысында жасөспірімдерге арналған арнайы бейнематериалдар көрсетіліп, келесі мәселелер талқыланды:
Су айдындарындағы қауіпсіздік: Шомылу ережелері мен тыйым салынған жерлер туралы ескертулер жасалды.
Жолда жүру мәдениеті: Жазғы уақыттағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары түсіндірілді.
Өрт қауіпсіздігі: Табиғат аясында және үйде техникалық қауіпсіздікті сақтау маңыздылығы айтылды.
Бейтаныс тұлғалармен қарым-қатынас: Интернеттегі және көшедегі қауіпсіздік ережелеріне баса назар аударылды.

#ЖаздағыЖекеҚауіпсіздік #39мектеп #ҚауіпсіздікСабағы #Жаз2026 #ТәрбиеІсі

https://www.facebook.com/share/p/1PPfw647ev/