⚜️СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

🔰Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты №31 Т.Бигелдинов атындағы жалпы білім беретін мектебінде түлектерге арналған ерекше мереке — соңғы қоңырау салтанаты өтті.

Биылғы іс-шараның негізгі тақырыбы — «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары». Салтанатты жиында оқушыларға адалдық, әділдік, жауапкершілік пен елге қызмет ету секілді маңызды құндылықтар насихатталды. Жас түлектерге ақ жол тілеп, олардың жарқын болашағына сенім білдірілді.

Соңғы қоңырау — балалықпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын ерекше сәт.
Барша түлектерге сәттілік, биік белестер мен жарқын болашақ тілейміз! ✨

https://www.facebook.com/share/p/1KnogqLHZF/