⚜️ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ -ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
🔰Қауіпсіз балалық шақ – ортақ жауапкершілік!
Бүгін, 4 ақпан 2026 жыл, сағат 11:00-де «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында маңызды тікелей эфир өтті.Онлайн-кездесу Түркістан облысының прокуратурасы ұйымдастырған ашық форматта өтіп, оған мектеп оқушылары мен педагогтер белсенді қатысты.Облыс прокурорының орынбасары Даулет Тлемисов балалардың қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерге тоқталып, оқушылардың сұрақтарына нақты жауап берді.
Кездесу барысында келесі маңызды тақырыптар кеңінен қозғалды:
✔️ Зорлық-зомбылықтың алдын алу
✔️ Интернеттегі қауіпсіздік
✔️ Балалардың құқықтық сауаттылығы
✔️ Мектеп пен көшедегі тәртіп
✔️ Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу
Тікелей эфир аяқталғаннан кейін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Шоңғараев құқықтық-ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, пайдалы кеңестермен бөлісті.
Балалардың қауіпсіздігі – бүгінгі күннің ғана емес, болашақтың да кепілі!
#ҚауіпсізБалалықШақ
#БалаларҚауіпсіздігі
#ҚұқықтықСауаттылық