⚜️ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!

🔰Сарыағаш ауданы білім бөліміне қарасты №31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы білім беретін мектебінде мектепішілік Наурыз мерекесі атап өтілді.
Мерекелік шараға құрметті қонақ ретінде зейнетке шыққан ұстаздар шақырылып, олардың қатысуымен кештің мәні арта түсті.
Мереке барысында Бигелді Шынар әсем ән шашуын шашып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар, Тіллабек Кәусар Қайратқызы «Мереке» әнін шырқап, кештің ажарын аша түсті.
9 «Б» сыныбының оқушылары «Қыз ұзату» салт-дәстүрін сахналық көрініс ретінде көрсетсе, 9 «А» сыныбының оқушылары «Тұсау кесер» дәстүрін сахналап, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді.
♻️Мақсаты:Оқушыларға ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау, олардың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру және ұлттық мәдениетке деген құрметін арттыру. Наурыз мерекесін атап өту арқылы оқушылар халқымыздың бай мәдени мұрасымен танысып, салт-дәстүрлердің мәнін терең түсінеді. Сонымен қатар, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді.

https://www.facebook.com/share/r/1RAYDrT25n/